25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

ҚАУІПТІ МАНЕВР ЖАСАҒАН «АLPHARD» ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ  ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, облыс орталығында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған «үйлену той кортежінің» жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен  әуежайға қарай бағытталған трасса бойында «той кортежін» ұйымдастырған 4 бірдей «Toyota Аlphard» және 1 «Mercedes-benz» маркалы автокөлік жүргізушілерін тоқтатты. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты маневр жасау ережелерін бұзғаны және авариялық жағдай тудырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырды. Ал көлік құралдары айыптұраққа қойылды.  Өз кезегінде полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға жол қозғалысы мен жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Телеарна ХанТВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАП ОҚУ КҮНІ АТАП ӨТІЛУДЕ

Телеарна ХанТВ

САЛЫҚ САЛМАҒЫ