23.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысында елді мекендерді инфрақұрылым, сапалы электр, ауыз сумен қамту бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Аталған салалардағы көрсеткіштер мен жоспарлар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға жұмысты жандандыруды тапсырды.

Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков Сарыағаш және Келес аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету және аудандандардағы бірқатар мәселереді шешу туралы баяндады

жиында электр қуатына берілетін техникалық шарттар туралы «Кегок» өкілдері баяндаса, «Қазсушар» РМК-ның «Оңтүстікауызсу» филиалы басшылығының да есебі тыңдалды. Сонымен бірге Сарыағаш, Сайрам аудандарының ауыз су жүйелерін автоматтандыру пилоттық жобасы талқыланды.  Айта кетейік, Түркістан облысында 2024 жылдың қорытындысымен 807 елді мекеннің 767 елді мекені яғни 95,0 % ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2025 жылы бюджет есебінен 47 ауыз су, электрмен қамту бойынша 41 нысандардың құрылысы іске асырылуда. Жыл қорытындысымен 18 елді мекендегі 22,3 мың халықты сапалы электр энергиямен қамту жоспарланған.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҮКІМЕТ ГРАНТТАР САНЫН ШАМАМЕН 40 МЫҢҒА ҚЫСҚАРТТЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗА ТАПҚАН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ АЙ САЙЫНҒЫ ТӨЛЕМДЕР АЛА МА?

Телеарна ХанТВ

МЕШІТТЕН СЫРТ КИІМ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ