жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іс сапары кезінде тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды. Сонымен қатар ауданда ауыл шаруашылығы саласына бет бұрған кәсіпкерлер саны артып келеді. Оның ішінде жылыжай шаруашылығының әлеуеті жоғары. Осы орайда, облыс әкімі Тұрбат ауылында орналасқан бірқатар шаруа қожалықтарымен танысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырған. Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып, жыл соңында аяқталған. Құрылысты «Урба Стандарт» ЖШС атқарды. Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді. Өңір басшысы тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады.
Сонымен қатар аймақ басшысы Тұрбат ауылында орналасқан Сайдусман Ата және агросекторындағы «Пасека бал» шаруа қожалығында болды. Қожалықтардың жұмысымен танысып, разы болған өңір басшысы, әрмен қарай жандандыру, дамыту мақсатында тапсырмалар жүктеді. Жұмыс сапарының соңғы нүктесі Жаңабазар ауылдық орталық емханасында жалғасып, мекеменің қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Ғимарат құрылысына жауапты мамандарға басты назар сапада болу керектігін ескертті. Сөз соңында Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласының үздіксіз дамуына «Ауыл аманаты» жобасы таптырмас мүмкіндік екенін айтты. Өңірде егістікті әртараптандыру мақсатында жаңа технологияларды енгізу, жылыжай қуаттылығын арттыру бойынша және құрылыс саласына да жауапты мамандарға жұмыс сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар берді.