13.3 C
Shymkent
11 апреля, 2025
aspan

 САУДА ОРНЫНАН КҮДІКТІЛЕР 20 ТЕЛЕФОНДЫ ҚОЛДЫ ҚЫЛҒАН

Елордадағы сауда орнынан күдіктілер 20 телефонды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Астанада екі жас жігіт сауда орнына баса-көктеп кіріп, 20 телефонды ұрлап кеткен. “102” арнасына бөтен мүлікті ұрлау туралы хабарлама түсті.

Құқық қорғау органдары оқиға орнына жедел түрде жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, сауда ойын сауық орталығында орналасқан телефон сататын жерге белгісіз екі адам кіріп, шамамен бір миллион теңге тұратын 20 телефон аксессуарларын алып кеткен. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. 29 жастағы екі ер адам бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылып, осындай қылмыстар үшін сотталған. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іздеуде жүрген екінші күдіктіге қатысты шара қолдану мәселесі қарастырылуда. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған мүлік тәркіленді.

 

Related posts

ГОБЕЛЕН ЕРЕКШЕ ӨНЕР

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТАЛАПТАР ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ

Казахстан на пути к гендерному равенству: 39% руководящих должностей на госслужбе занимают женщины

Телеарна ХанТВ

Байланыс

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізге жақын арада хабарласамыз!
Кері қоңырау шалу сұрауы жіберілді! Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Кері қоңырау шалу сұрауын жіберу қатесі! Қайталап көріңіз!
Write a email to us!
Email sent! We will contact you soon.
Error sending email! Please try again!