aspan

САЙРАМ АУДАНЫНДА 5 ҚАБАТТЫ 47 ҮЙ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңа шағынаудан пайда болады. Аталған мәселе облыс әкімдігінде арнайы талқыланып, ұсыныстар мен жоспарлар тыңдалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылысты сапалы атқаруды тапсырды.

Аталған бастаманы қолдайтынын жеткізген аймақ басшысы  аудан әкімі жауапты басқармалармен бірге жұмысты жүйелі атқаруы керектігін баса айтты. Яғни, бірінші кезекте инфрақұрылымды тарту қажет. Әрбір құрылыс нысаны, ғимараттар терең ойластырылып, сапалы салынуы тиіс.

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жаңа шағынауданның жоспарымен таныстырды. Өңірдегі ең халық тығыз орналасқан әрі даму деңгейі жоғары ауданда тұрғын үй мәселесі өте өзекті.  Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылындағы 57 гектар аумақта жаңадан құрылатын шағынауданда 5 қабатты 47 тұрғын үй,  ауылдық әкімшілік ғимараты, тәулігіне 250 адам қабылдайтын заманауи емхана, Мәдениет үйі мен Жастар сарайы біріктірілген ғимарат, 600 орындық заманауи жаңа мектеп, 280 орындық балабақша, 6 коммерциялық нысан мен саябақ салу жоспарланған. Сонымен бірге мешіт салуға да орын қарастырылған.

Жобаның мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, тұрғын үйге мұқтаждығын азайту. Аудан әкімдігі тарапынан аталған нысандарды инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары дайындалған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАНДАНАДЫ

Редактор HAN TV

ШЫМКЕНТ: 15 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталады

admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ