38.3 C
Shymkent
21 июля, 2025
aspan

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА РОБОТОТЕХНИКАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛАР АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкенттік оқушылар арасында робототехника саласына қызығушылар саны артып келеді. Робототехника ұшқыр қиял,таудай талап қажет ететін сала. Осылай деген мегаполис оқушылары 1 жыл уақыт аралығында көптеген сумо роботтарды жасап түрлі байқаулардан жүлделі орын алып жүр.

Робототехника-зияткерлік автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен айналысатын қолданбалы ғылым. Жалпы бұл ғылыми бағытпен айналысуға деген қызығушылық балаларда 4 сыныптан бастап пайда болған.Көптеген ғылыми байқауларда бой көрсеткен жасөспірімдер алдағы  уақытта болатын жарыстарға қызу дайындық үстінде.

Оқушы жастардың алға қойған мақсаттары көп.Болашақта осы бағытта өздерін дамытып,адамдарға пайдасы тиетін роботтарды ойлап табуды көздейді. Робототехникаға қызыққан жастарды қолдау маңызды.Осы бағытта балалардың ой-қиялын ойлау қабілетін дамыту үшін, білім мекемелерінде арнайы үйірмелерде қарастырылған.

Өнертапқыш өрендер елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде өтетін жарыстарға да белсене қатысып жүр. Сондай ақ робот құрастыруға қызығушылық танытқандардың қатары жыл санап артып келеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы вет қызметі басшысы әріптертеріне бөлінген сыйақы қаражатты өз пайдасына жаратып жіберген

Телеарна ХанТВ

“ЖАСТАР” БАҒДАРЛАМАСЫ: 900 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ЕКІ КӘСІПКЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС АЯҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ