21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ПОЛИЦИЯ ЖҮРГІЗУШІДЕН 7 ПАКЕТ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕДІ

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысында есірткі сақтап, тасымалдау фактісінің жолын кесті. Жедел уәкілдер Отырар ауданындағы Шәуілдер-Түркістан автожолында Шымкент қаласының тұрғыны басқарған «Лада» автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің салонынан ішінде есірткі заты бар 7 пакет табылды. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 400 грамм «марихуана» болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КЕЛЕСТЕГІ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІҢ ЖОЛЫ ҚАШАН КЕСІЛЕДІ?

Телеарна ХанТВ

ТҰРҒЫНДАР ТҰТҚЫНДАҒЫ ТУЫСТАРЫН ҚАЙТАРУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Телеарна ХанТВ

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН БӨЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ