aspan

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАЛАРЫН БІР БАҒДАРЛАМАҒА БІРІКТІРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ауылдардың еңсесін көтеруге бағытталған жобаларды жүйелеп, бір бағдарламаға біріктіру бастамасын көтерген болатын. Түркістан облысында осы мәселеге қатысты мәжіліс өтті. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен мәжіліске жауапты министрлік өкілдері, облыс әкімі Нұралхан Көшеров, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болатынын атап өтті. Осыған орай, «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын біріктіріп жүзеге асыру мәселесі талқыланды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 2019 жылдан бастап 700 млрд теңгеден астам, «Ауыл аманаты» бойынша 100 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Аталған жобалар, ауылдық аймақтарды дамытуда маңызды болып табылады.

 Осыған сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдар ауылдардың дамуы мен халық табысын арттыру мақсатында жобаларды жан- жақты, жаңа механизмдерді қолдану арқылы барынша бірлесе жұмыс атқаруы тиіс. Сонымен қатар жобаларды біріктіріп іске асыру барысында «AMANAT» партиясының пікірлері назарға алынуы керек. Осылай деп мәлімдеген Қанат Бозымбаев ұлттық экономика министрлігінің «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларының Түркістан облысында іске асыру тәжірибесін ескеріп, біріктіру барысында қолдануды қарастыруы керектігін баса айтты.

 

 

 

 

 

 

 

Мәжілісте Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы басталғалы бері еліміздегі 2,5 мың ауылда 6,6 мыңға жуық жоба іске асырылған. Биыл 500-ге жуық ауылдық аумақта 900-ден астам жобаны іске асыруға 176,4 млрд теңге жоспарланған. Ал, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 17 мың жеңілдетілген шағын несие берілді. Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын бір бағдарламаға біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жиында аталған жобаларды жүзеге асыруда Түркістан облысы үздіктер қатарында екені, өңірдің озық тәжірибелерін басқа өңірлерге енгізу мәселесі айтылды. Ұсыныстар мен есептер тыңдалды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы облыста 602 ауылдық елді мекенді жаңғыртудан өткізу жоспарланған. Жоба аясында 5 жылда 113,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 1 567 жоба жүзеге асты.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сәйкес екі жобаны біріктіру бастамасы орынды екенін, өңірде барлық аудан, қаланың даму жоспары әзірленгенін, тиісті жұмыстар жүретінін мәлімдеді. Ауылдарды дамыту бағытында да жоспар жасалып, жұмыстар жандана түспек. Мәжілісті түйіндеген Қанат Бозымбаев жауаптыларға өңірді, ауылдарды дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі атқаруды тапсырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН АЛАТЫН АЗАМАТТАРҒА «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» АРҚЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛМЕК

Телеарна ХанТВ