aspan

ТАРАЗДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕЛЕРІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ ӘЙЕЛДІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

Жамбыл облысында жол  қозғалысы ережелерін бұзған әйел әкімшілік кодекстің 3-бабы бойынша  жауапкершілікке тартылды. Тараз қаласында белгіленген аумақты патрульдеу кезінде Тараз қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері таңғы сағат 6:00-де жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW маркалы автокөлігін тоқтатқан.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік нөмірі жоқ көлік құралын басқарған облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны маневр жасау ережелерін де бұзған. Сонымен қатар құжаттарды тексеру барысында оның міндетті сақтандыру шартын жасамағаны анықталды.Полицейлер жүргізуші әйелге қатысты яғни, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің жоқтығы, сақтандыру полисінің жоқтығы және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін үш хаттама толтырды.Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда 1 мың шақырымнан астам таулы бағыттар цифрландырылып, 750 шақырымға жуығы абаттандырылды

Телеарна ХанТВ

КӨКШЕТАУДА ЕКІ СТУДЕНТТЕН 15 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ВЕЙПІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛЫП, МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Телеарна ХанТВ