19.3 C
Shymkent
3 июня, 2025
aspan

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының көбеюіне байланысты тұрғындарды сақтандыру мақсатында полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары халық көп шоғырланатын сауда орталықтарына барып, арнайы жадынама парақтарын таратып, түсіндіру жұмыстарын атқарып жатыр. Сонымен қатар, қаладағы кинотеатрлар мен LED-экрандарда алаяқтықтың алдын алу бойынша арнайы бейнероликтер көрсетілуде.
Полиция алаяқтықтың алдын алу мақсатында қатаң сақтау керек бірнеше қарапайым ережені еске салады:  Полиция қызметкерлері телефон арқылы арнайы іс-шаралар немесе тергеу әрекеттерін жүргізбейді; Банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың деректемелерін сұрамайды және SMS арқылы келетін кодтарды айтуды талап етпейді. Егер сізге осындай күмәнді қоңырау келсе, әңгімені дереу тоқтатып, банк картасының немесе ресми сайттың сенімді байланыс нөміріне қайта қоңырау шалыңыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САРЫАҒАШТАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ДЕНДРОСАЯБАҒЫ ЖАҢА ӨСІМДІКТЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Телеарна ХанТВ

Президент әуежайда қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды

Телеарна ХанТВ