17.3 C
Shymkent
21 сентября, 2026
aspan

ИТАЛИЯНЫҢ ENI PLENITUDE ARM WIND КОМПАНИЯСЫНЫМЕН ТҮРЛІ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Италияның Eni Plenitude энергетикалық компаниясының Қазақстандағы «ArmWind» ЖШС-ның Бас директоры Федерико Пульезе бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылады.

Баламалы энергия өндірумен айналысатын халықаралық энергетикалық компания Түркістан облысы, Отырар ауданында қуаты 50 МВт болатын заманауи технологияларға негізделген «Шәуілдір» күн электр станциясының құрылысын жүзеге асырған. Бұл өз кезегінде, қоршаған ортаны ластамай, электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Кездесу барысында осы жобаның әлеуеті мен оның мүмкін болатын дамуы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ энергия үнемдеу мен жаңартылатын қуат көздерін қолдануды өнеркәсіпті дамытуда пайдалану туралы талқыланды. «Күлтөбе» археологиялық алаңында 3D карталау жабдығын орнату мүмкіндігі туралы итальяндық компаниямен талқылаулар жүргізілді. Облыс әкімі бұл жұмыстардың аймақ үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, өңірдің дамуына бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін айтты.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КӨЛІКТІ 5 МИНУТТАН АРТЫҚ ОТАЛДЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛУ – АҚЫЛҒА ҚОНБАЙТЫН ШЕШІМ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ SKILLS.ENBEK.KZ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 3 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДУШАНБЕГЕ МЕМЛЕКЕТТІК САПАР­МЕН БАРДЫ

Телеарна ХанТВ