-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

SOS” ТҮЙМЕСІ ӘЙЕЛДІ ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙДАН ҚҰТҚАРДЫ

Павлодарда “SOS” түймесі әйелге қауіпті жағдайдан құтылуға көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту – полиция қызметінің басты қағидаты. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында Павлодар облысының тұрғындары төтенше жағдайда полицияға хабарласудың тағы бір тиімді тәсілін пайдалана алады.

Егер басқа мүмкіндіктер болмаса, олар «SOS» батырмасын басу арқылы көмек сұрай алады. – Кез келген төтенше жағдайда «SOS» батырмасы арқылы полицияға хабарласуға болады, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті. Жуырда жедел басқару орталығының операторына «SOS» батырмасы арқылы бейнеқоңырау түсті. Әйел адам полициядан көмек сұрап, танысымен жанжалдасып қалғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Жәбірленушінің өтініші негізінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белгілі болғандай, әйелдің ұялы телефоны бұзылып, жаңасын сатып алуға үлгермеген. Дегенмен, қиын жағдайға тап болған сәтте «SOS» батырмасын байқап, оны пайдаланды. – Менің қоңырауым мүмкін мені ауыр қылмыстые құрбаны болудан құтқарған болар, – дейді жәбірленушінің өзі. Полиция департаменті егер құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 нөміріне қоңырау шалуға, «Police 102» мобильді қосымшасын немесе «SOS» батырмасын пайдалануға болатынын еске салады.

 

Related posts

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА БОҚТАП, ТҮКІРГЕНДЕР КӨШЕ СЫПЫРАДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖОЛ АШАМЫН: БАҚСЫ-БАЛГЕРЛЕРГЕ СЕНУ ДҰРЫС ПА?

Телеарна ХанТВ

ЖАЗҒЫ АС ҮЙДЕ БІР ҚАП МАРИХУАНА САҚТАҒАН ШУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ