18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

«ЦИФР ТАРИХЫ НЕМЕСЕ ОН САУСАҚТЫҢ ЕСЕПТЕГІ РӨЛІ»

Халық институты ұлттық жобасының аясында «Цифр тарихы немесе он саусақтың есептегі рөлі» математикалық ғылыми-практикалық лекциясы ұйымдастырылды. Шараға ЖОО мен колледж студенттері сондай-ақ, математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Шара сандық жүйенің пайда болуы, оның тарихи дамуы және күнделікті өмірдегі маңызы туралы ғылыми көзқарастарды талқылауға арналды. Сондай-ақ, жиын  барысында математиктер, тарихшылар және білім беру саласының мамандары есептеудің дәстүрлі әдістері мен заманауи цифрлық технологиялардың байланысы туралы баяндама жасады.

Айта кетейік кездесуде адамзаттың сандарды санауда қол саусақтарын қолдану тәжірибесі, ежелгі есептеу жүйелері мен қазіргі алгоритмдік әдістер арасындағы сабақтастық туралы қызықты пікірталастар өтті. Шараға қатысушылар цифрлық мәдениеттің қалыптасуы мен оның білім беру процесіндегі рөліне ерекше мән берді.

Сонымен қатар, қатысушылар математика мен есептеудің қарапайым тәсілдерін қазіргі оқыту әдістеріне интеграциялау жолдарын қарастырды. Бұл ғылыми-практикалық іс-шара тарих пен технологияның түйіскен тұстарын зерттеуге, сонымен қатар сандық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

admin

Отчет председателя Совета по защите прав предпринимателей

Телеарна ХанТВ

АСФАЛЬТСЫЗ,ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛҒАН СӘТБАЕВ КӨШЕСІ

Телеарна ХанТВ