aspan

ҚАТТЫ ДАУЫЛ МЕН ЖАҢБЫР БІРНЕШЕ ЕЛДЕРДІ ӘБІГЕРГЕ САЛДЫ

«Эрминия» дауылы Еуропа елдерін әбігерге салды. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен Испанияда 13 мың отбасы жарықсыз қалды. Генуяда қатты дауылдан тіреуіш қабырға құлап, бірнеше адам зардап шекті.

Франция мен Италия су тасқынымен алысуда. Францияның Бретань аймағында бірнеше қала су астында қалып, тұрғындар эвакуацияланды. Флоренцияда нөсерлеп жауған жаңбырдан көшелер мен жер асты жолдары суға толып, салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Қолайсыз ауа-райы әлі бірнеше күнге созылатынын айтқан синоптиктер тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТОРНАДО САЛДАРЫНАН 7 АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ

Телеарна ХанТВ

Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкеріне келісім берді

Телеарна ХанТВ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ: ТАҒЗЫМ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ

Телеарна ХанТВ