21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

33 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен 35 жастағы Тараз тұрғынын бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Ол облыс орталығынан кеңсе ашып, әлеуметтiк желiлердегi жарнамалар арқылы құрбандарды тауып, «қайтарымсыз несие» беремін деп уәде берген.

Әйел микроқаржы ұйымдарында заңгер болып жұмыс істегенін және өзін осы саланың білікті маманы екенін айтқан. Осылайша, ол 71 азаматтың сеніміне кіріп, алдау арқылы жалпы сомасы 33 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Жәбірленушілер арасында тек тараздық емес, Жамбыл облысының аудандарында тұратын тұрғындар да бар. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта дәлелдемелер жинауға және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті, егер сіз аталған азаматшаның әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, тұрғылықты жеріңіздегі полиция бөліміне жүгінуді сұрайды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Әкенің аманаты ертеңгі болашақ»

Телеарна ХанТВ

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды 2025 жылғы 20 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Телеарна ХанТВ