35.3 C
Shymkent
23 июля, 2025
aspan

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласына арнайы іссапармен барып, бірқатар нысандарды аралады.Алдымен қаланың кіреберісінде орналасқан кәріз су тазалау станциясына барды. Қала тұрғындарын кәріз жүйесімен толық қамту және кәріз су сорғы станциясының өнімділігін арттыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде..

 Іссапар барысында көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бүгінде Кентау қаласындағы 377 көпқабатты тұрғын үйдің 288-і толығымен жаңартылды. Сондай-ақ өткен жылы 38 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, оның 25-інде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ауыстырылды.

Еске салайық, өткен жылы жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер халық игілігіне берілген болатын. Сапары барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары үй құрылысын және «Салиха-Ана» сауда орталығынан өтетін арық жүйесінің жай-күйін тексерді. Сала мамандарына көктем айында су басу қаупі бар көшелерге салынып жатқан суағарлардың сапасын қадағалауды тапсырды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«МЕЙІРГЕР ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Телеарна ХанТВ

ТҰРАН АУДАНЫ: БАЛАЛАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ