Ордабасы ауданының білім бөлімінің Атамекен жалпы білім беретін мектебінде облыстың ұстаздарына арналған шеберлік семинары өтті. Шара барысында мектепті тиімді басқару әдістері, заманауи менеджмент құралдарын қолдану және білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері талқыланды.
Білім басқармасының мамандарының қатысуымен мектеп директорының орынбасарларына арналған «Мектепті басқару және менеджмент» тақырыбында шеберлік семинары ұйымдастырылды. Семинарға Ордабасы, Отырар, Арыс және Бәйдібек аудандарынан келген мұғалімдер қатысты. Олар үшін арнайы тәлімгерлік сабақтар ұйымдастырылып, педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары ұсынылды.
Шараның басты мақсаты – мектеп басшылары мен ұстаздардың басқарушылық қабілеттерін дамыту, заманауи білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес кәсіби біліктілікті арттыру. Семинар қатысушылары білім саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, әр ауданнан келген мектептердің ерекшеліктерімен және жетістіктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Семинарға қатысушылар мұндай шаралардың өзекті әрі қажетті екенін атап өтті. Олар кәсіби құзыреттілікті арттыруға және мектептердегі менеджмент сапасын жақсартуға бағытталған осындай шаралардың жиі өтуін қолдайтындарын жеткізді. Айта кетейік ұйымдастырушылар мұндай семинарлар білім беру ұйымдарын басқарудың сапасын жақсартуға, мектептердің үздік тәжірибелерін кеңінен таратуға ықпал етеді.