23.3 C
Shymkent
7 июня, 2025
aspan

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Түркістан облысындағы аудандар мен ауылдардағы мәдениет, білім, спорт нысындары зерделеніп, жөндеу бойынша жұмыс атқарылады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстарын қажет ететін бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мәселені шешу жолдарын саралады.

Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің жай-күйімен танысты. Мектеп 2000 жылдың басында тұрғындардың асарлатып, күш біріктіруімен бой көтерген. 2018 жылы қосымша ғимарат соғылған. Білім ошағында физика, химия, биология, мультимедия, робототехника STEAM кабинеттері, асхана, спорт залы бар. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ғимарат бейнебақылау камераларымен қамтылған. Алдағы уақытта жауаптыларға оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуы керек екенін айтты. Облыс әкімінің орынбасары мұнан соң Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің жұмысшы мамандықтарының оқу базасына барып, студент жастармен кездесті. Кездесу барысында студенттерге заман талабына сай өз ісінің кәсіби маманы болуы үшін білім алып, үнемі ізденісте жүріп, уақыт ағымына бейім болу қажеттігін айтты. Пікір алмасты.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Телеарна ХанТВ

НҰРГҮЛ ШАМШИЕВА НЕГЕ ҚАШЫП ЖҮР?!

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАНДА «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ  

Телеарна ХанТВ