-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ЕРІКТІ ЖАСТАР – ӘРҚАШАНДА БЕЛСЕНДІ

Волонтерлік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке өздігінен-ақ қадам басары анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ана тілі газетіне берген сұхбатында еріктілердің еңбегін жоғары бағалап, оларға ерекше алғыс білдірген болатын. Ол өз сөзінде еріктілерді қоғамның дамуына үлес қосып, игі істерімен өзгелерге үлгі болып жүрген жандар ретінде атап өтті.

Жығылғанға демеу болып, еріктілер қатарынан табылып жүрген жандар айтарлықтай көп. Солардың бірі Гүлмерей Мадиханова. Ол еріктілер қозғалысына қосылғанына аз  уақыт болсада, маңызды істерге белсене атсалысқан. Гүлмерейдің айтуынша, оқу мен еріктілік қызметті қатар алып жүру – қиын емес, керісінше, бұл оның уақыты мен күшін тиімді пайдалануға үйреткен. Ол еріктілік арқылы өзін-өзі дамытуға және қоғамға пайдасын тигізуге мүмкіндік алғанын ерекше атап өтеді. Еріктілік қызмет барысында адамдармен жұмыс істеу, түрлі шараларды ұйымдастыру және күрделі мәселелерді шешу сияқты өмірлік маңызды дағдыларды игерген.

 Қаламыздағы Жастар ресурстық орталығының қызметкерінің айтуынша, еріктілікке деген қызығушылық күннен күнге артып келеді. Жастар белсенді түрде волонтерлік қозғалысқа қосылып, қоғамға өз үлестерін қосуға ұмтылуда. Бұл қызығушылықтың артуы жастардың азаматтық жауапкершілігінің артуын және олардың игі істерге деген құлшынысын көрсетеді.Еріктілер үшін орталықта әр күн сайын арнайы бағдарламалар бойынша түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Бұл сабақтарда жастар қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, уақытты тиімді басқару және жобаларды ұйымдастыру секілді маңызды тақырыптарда білім алады.

Қазіргі таңда шаһарда 3000-ға жуық ерікті бар.Олар тек  көмек көрсетіп қана қоймай,жаңа ортада өзін танытуға,пайдалы тәжірбие жинақтауға, және маңызды байланыстар орнатуға мүмкіндік алуда.

 

Related posts

ЧИТАТЕЛИ ТОЖЕ ДЕЛАЮТ ВЫБОР

Телеарна ХанТВ

Қарағандылық оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдемек болған.

admin

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ