-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Өңір басшысы денсаулық сақтау саласына жауапты басшыларға халықтың денсаулығын жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сапалы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді. Халық қандай тегін медициналық көмек түрлері бар екенін, қай мезгілде денсаулығын тексертетінін білуі тиіс. Түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер.  Тұрғындарды келісімінсіз медициналық мекемелерге тіркеу мәселесі түбегейлі жойылуы қажет. Жұмысты жандандырыңыздар, -деген облыс әкімі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.   Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалдының айтуынша, аталған салада өткен жылдың 10 айының қорытындысымен 27 индикатордың 20-сын толық орындаған Түркістан облысы республика бойынша бірінші орынға көтерілген Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен  облыс тұрғындарының 83 пайызы қамтылған. Облыста денсаулық сақтау нысандарын салу бағытында 7 ірі жоба жоспарланған. Сарыағаш, Ордабасы аудандарында перинаталды орталықтар салынады. Түркістандағы 570  орындық көпсалалы аурухананы биыл аяқтау көзделіп отыр. Облыста тозығы жеткен 58 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны бар. Биыл аталған нысандарды зерделеп, маңыздылығына қарап, 25 нысанды дайын ғимаратты сатып алу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.Басқармаға қарасты медицина ұйымдарында жалпы –

24 564 медицина қызметкері жұмыс істейді.  Бүгінгі таңда. облыс көлемінде 282 бейінді дәрігерге тапшылық туындауда.  2024 жылы Түркістан облысына жалпы 331 жас түлек жұмысқа  жолданған. Оның ішінде, 147-сі мемлекеттік медициналық ұйымдарға жолданып, 31 түлек жұмысқа қабылданды.

2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 43 дәрігер шет елдерде біліктілік арттырған.

 

Related posts

ҰҚК ДІНИ РАДИКАЛДАРДЫ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОНМЕН АЙНАЛЫСҚАН АДАМДАР ТОБЫН ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ:ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІННІҢ НЕГІЗІ

Телеарна ХанТВ