aspan

TIKTOK ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

TikTok АҚШ-тағы қызметін тоқтатты. Белгілі болғандай, 19 қаңтар күні TikTok АҚШ-тық қолданушыларға: «Кешіріңіз, TikTok-ты қазір пайдалану мүмкін емес. Америка Құрама Штаттары TikTok-ты пайдалануға тыйым салатын заң қабылдады. Өкінішке қарай, бұл қазірше TikTok-ты қолдана алмайтыныңызды білдіреді. Бірақ жақсы жаңалық та бар: Президент қызметіне кірісуге дайын отырған Дональд Трамп TikTok-ты қайта қолданысқа енгізудің жолын табу үшін бізбен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді. Жаңалықтарды бақылап отырыңыз!» деген хабарлама жіберілген Қытайлық БАҚ-тардың жазуынша, TikTok -тың иесі — ByteDance компаниясына тиесілі CapCut, Lemon8, Gauth және Hypic қосымшаларының да АҚШ-тық қолданушыларға қызмет көрсетуді уақытша тоқтатқаны туралы хабарлама жіберілген. 17 қаңтар күні АҚШ-тың Жоғарғы соты «TikTok-қа тыйым салу» туралы заңды қолдауға шешім шығарды. Бұл аталған заңның 19-шы қаңтарда күшке енуіне рұқсат берілгенін білдіреді. Жоғарғы сот шешім қабылдағаннан кейін Байден үкіметі мәлімдеме жасап, «TikTok АҚШ-тықтар үшін қолжетімді болуға тиіс», бірақ оның меншік құқығы АҚШ-қа немесе АҚШ-тың көңілі толатын басқа бір тарапқа тиесілі болуы керек деп атап көрсетті.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Олжас Бектенов кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды

Телеарна ХанТВ

МИНИСТР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТ

Телеарна ХанТВ