Бүгінде білім іздеген жанның жолы ашық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында жастардың шетелде білім алып, тәжірибе жинауына қатысты пікір білдірген болатын. Президент өз сөзінде шетелге оқуға баратын жастардың дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, білікті маман болуына кедергі болмай керсінше қолдау білдіретінін жеткізді. Бүгінде белсенді жастар шетелдің бірнеше жоо шақырту алып, білімін жетілдіруге үлкен мүмкіндік алуда.
Абылайхан Жунисбеков, Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп гимназиясының 11-сынып оқушысы. Әлемдік жоо білім орталығынан 35 шақырту алып, көпшілікті таңғалдырған. Ол бала кезінен ағылшын тіліне қызығушылық танытып, бұл бағытта белсенді түрде білім алған. Жоғары жетістіктерге қол жеткізуі оның еңбекқорлығы мен табандылығының дәлелі.Абылайханға ұсыныс жасаған университеттердің қатарында Туркия,Америка, және Дубай елдерінің беделді оқу орындары бар. Абылайхан өз болашағын Дубайда жалғастыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта ол өзінің білімі мен тәжірибесін Қазақстанның дамуына арнағысы келетінін айтады.
Шекара асып,білім алуға ұмтылатын жастардың саны жыл сайын артып келеді.Бүгінде шетелде білімін жетілдіріп тәжірбие жинаған жастар өз білімдерін жұмысап,елге еңбек етуге мүдделі.Мамандардың айтуынша шетел асуға ниетті жастардың айлст тапсыру үшін дайындық пен уақыттарыда әртүрлі.Орта есеппен алғанда ағылшын тілін меңгергендер 3-4 айдан бастап 1 жылға дейін дайындалса жақсы нәтижеге қол жеткізері анық.Ал,әрбір мүмкіндікті тиімді пайдаланып білім алған жастар болашақтың жарқын бейнесі.