2.3 C
Shymkent
5 февраля, 2025
aspan

ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІНЕ ТҮСКЕН ҚАРТТАР КӨБЕЙГЕН

Қазыналы қарттарымызға қашанда  құрмет көрсету – басты парызымыз. Десекте,құрметсіздік көрсететін  безбүйрек азаматтар көбеюде. Бәріне топырақ шашудан аулақпыз әрине.  Алайда,  Ата- аналарын қарттар үйіне өткізіп, мәз мейрам болып,  алаңсыз жүргендер қаншама.  Асырап баққан  ата-аналарын қартар үйіне өткізгендер көбейген бүгінде. Себебі неде? Әріптесім Ақниет Мейрбек зерттеп көрген еді. Сюжет көріңіз.

Жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 2023 жылы ашылған. Мекеме негізінен 70 адамға  арналған. Алғашқы жылы 50 адамға қызмет көрсеткен. Қазіргі кезде мұнда 70  қызмет алушыны яғни 25 әйел 45 ер азаматтарды қамтып отыр. Оның тең жартысынан көбі егде жастағы қариялар ал қалғаны 1,2 топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Қариялардың көңіл-күйін көтеру мақсатында үнемі белсенді жастар мен түрлі сала мамандары келіп іс-шаралар өткізіліп тұрады. Іс шара барысында белсенді өмір сүру орталығындағы қариялар есті әуендерді шырқап,  ал әншілер өз өнерлерін көрсетті.

Орталықтың қызметкерлері 7 бағытта жұмыс жасайды. Мекеме Әлеуметтік,медициналық,психологиялық  көмектер көрсетеді. Сондай-ақ орталықта 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтылып, медбикелер қарттарды белгіленген уақытта қан қысымын тексеріп, дәрі-дәрмектерін беріп отырады. Орталыққа келгендердің бірі  Айша есімді әже.

 Ия айтып айтпай не керек, орталықтағы қарттардың жағдайы осындай. Өз көңілдерін өздері аулаған қазыналы қарттарыдың жанарына мұң сезіліп тұрғаны байқалады. Атам қазақ ата-анаң жынды болса байлап бақ деген нақыл сөз бекерден бекер айтылмаса керек. Бізде сіздей болғанбыз, сізде біздей боларсыз деген сөзді жадымыздан шығармайық.

 

Related posts

ДОНАЛЬД ТРАМП ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ РЕТІНДЕ АЛҒАШҚЫ СӨЗІН СӨЙЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

ЖАҢА НЫСАНДАР САЛЫНУДА

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ