Шығыс күнтізбесі бойынша 2025 жыл жылан жылы. Ұлу жылын артқа тастап, жылан жылына аяқ бастық. Ал шығыста түсі суық бұл жануардың ішіндегі бауырымен жорғалаушы ақылды, сабырлы және ұстамды жаратылыс ретінде жоғары бағалайды. Жылан жылы елімізде не күтіп тұр? Тілшіміз толығырақ тарқатады.
Қазақ халқы бұл бауырымен жорғалаушыны киелі санаған. Оған зиян келтіру жаманшылық шақырады деп сенген. Сондықтан үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарып салған деседі. Ал 30 жылдан бері бауырмен жорғалаушылармен айналысып жүрген РАЙСА ДОЛГОВА олардың салқынқанды екенін айтады. Олар терең пайым мен сараптауға бейім әрі кез-келген жағдайға төзімді дейді.
БҰЛ ЖАНУАРЛАР ӨТЕ ҚЫЗЫҚ ӘРІ СУЫҚҚАНДЫ БОЛЫП КЕЛЕДІ. СЕБЕБІ ОЛАР ҮНЕМІ БІР ТЕМПЕРАТУРАДА БОЛМАЙДЫ. БІРАҚ ОЛАР ӨТЕ БЕЛСЕНДІ БОЛЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ ЖЫЛАННЫҢ АТАУЫ ПАТШАЛЫҚ ПИТОН . ЖАЛПЫ ЖЫЛАН ЖЫЛЫНАН КӨП ҮМІТ КҮТЕМІН. ЖЫЛАН ӨЗ МАҚСАТТАРЫНА ЖЕТПЕЙ ҚОЙМАЙТЫН, БІР ОРЫНДА ТҰРМАЙТЫН ЖАНУАР. ЖЫЛАН ЖЫЛЫ ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ТОЛЫ БОЛСЫН.
Сондай-ақ сарапшылар сабырлық пен қажырлық және табандылық танытатын жыл екенін айтады. Бұл жыл Ойлағаныңызды жүзеге асыратын қолайлы уақыт. Жылан жылы-әр қадамымыз сәтті ,әр күніміз берекелі болғай.