22.3 C
Shymkent
19 октября, 2026
aspan

КӨКШЕТАУДА ЕКІ СТУДЕНТТЕН 15 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ВЕЙПІ ТӘРКІЛЕНДІ

Ақмола облысында полицейлер шамамен 15 миллион теңгенің шегілмейтін темекі өнімдерін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Көкшетау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары шегілмейтін темекі өнімдерінің, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты деректі анықтады.Есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері жергілікті колледждің екі студентін ұстады.

Олардың бірі 10 дана электронды темекіні үйінде сақтаған, ал екіншісінің үйінен 970 дана өнім табылды. Полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарларды жоюға тырысқан студенттің әрекетінің алдын алды. Ұсталған 20 жастағы жас жігіт тәркіленген электронды темекілерді саудалау арқылы шамамен 15 миллион теңге пайда табуды көздегенін мойындады. Қазіргі уақытта екі факті бойынша ҚР ҚК 301-1-бабы (Шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция бұл өнімдерді сату мен тарату әрекеттері 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуға әкелетінін ескертт

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСКЕК СУ КАНАЛЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ИЛОН МАСК БАЙЛЫҒЫ 800 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТКЕН ТАРИХТАҒЫ АЛҒАШҚЫ АДАМ АТАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ТАРАЗДА БАЛАЛАР АРБАСЫНАН ӘМИЯН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ АНЫҚТАЛДЫ