-2.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАҒДАР

Биыл Түркістан облысында 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.  Оның 60 %-дан астамы  тұрақты жұмыс орындары. Бұл жұмыстар «Өңірлік  жұмыс орындарын құру картасы» аясында және  Ұлттық жобалар мен мемлекет  басшысының тапсырмасы негізінде «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  жүргізіледі.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен  мәжілістің күн тәртібінде  «Жаңа жұмыс орындарын құру және  халықты  жұмыспен  қамту туралы» мәселелер қаралды. Сондай-ақ Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды.

Жұмыспен қамту – басты міндет екенін айтқан облыс әкімі осы жылға бекітілген индикаторлардың мерзімінде толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен барлық аудан, қалада ашылатын «Отбасын қолдау орталығының» жұмысын жүйелеуді міндеттеді.  Отбасында зардап шеккендер осы орталықпен байланысып, жаңадан ашылып жатқан орталықтардан психологиялық құқықтық және консультациялық көмек алады.

Айта кетсек тұрғындарды лайықты жұмыспен қамту және әділ төлемақы төлеу – мемлекеттің басты саясатының бірі. Бұл бағытта елде бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. Биыл білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларда жаңадан салынған нысандарға және  субсидияланатын жұмыс орындарын аяқтағандарға тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Related posts

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Телеарна ХанТВ