aspan

ҰҚК ДІНИ РАДИКАЛДАРДЫ ҰСТАДЫ

2025 жылғы қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында діни радикалдарды ұстады. Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды.

«Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған», — деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған. Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ ЖОЛАУШЫДАН ШАМАМЕН 3 КГ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ: ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖОБАЛАР

Телеарна ХанТВ

АТЛАНТ МҰХИТЫНДА СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТАН 6,5 ТОННА КОКАИН ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ