-2.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

 Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мемлекеттік сатып алу саласындағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер талқыланды. Өңір басшысы бюджетті тиімді әрі мақсатты игеріп, жобаларды уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты.

Облыс әкімі жобаларды уақтылы жүзеге асыру керек. Жауапты басқарма аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларымен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Жауапты басшылар мен мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, семинарлар өткізсін-деді. Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Марлен Қалдаровтың айтуынша, басқармаға 2024 жылдың басынан тапсырыс берушілерден жалпы сомасы 216,3 млрд теңгеге 1 346 өтінім келіп түскен. Оның ішінде жұмыстарға – 97,8 млрд теңгеге 338 өтінім түссе, қызметтер бойынша 27,2 млрд теңгеге 598 өтінім қабылданған. Тауарлар бойынша 91,3 млрд теңге 410 өтінім түскен. Бүгінгі таңда 216,3 млрд теңгеге 1345 өтінімнің жұмысы аяқталған. Былтыр өтінімдер 2023 жылмен салыстырғанда 80%-ға немесе 90,7 млрд теңгеге ұлғайған. Сондай-ақ жиында мемлекеттік сатып алу саласындағы кемшіліктер де айтылып, тиісті сын-ескертпелер берілді. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширату жөнінде тапсырма беріп, нақты міндеттер жүктеді. Қаржының уақтылы игерілуі, ел мүддесіне жұмсалуы, жобалардың жүзеге асырылуы қатаң бақылауда болады.

 

Related posts

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Мұғалімдер жеті жастағы оқушыны ата-анасына ескертпей гинекологқа апарған

admin

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ