-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚҚА  ҚАРСЫ  ЕНГЗІЛГЕН ЗАҢНЫҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту мақсатында қабылданған жаңа заң  күшіне енгелі бірқатар Шаһарда бірқатар оң өзгерістер байқалған.Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендетіп, зардап шеккен жандарға қорған болуға септігін тигізген.Қоғамда бұл мәселенің өзектілігін арттыру арқылы әрбір азаматтың құқығы қорғалатынын, ал заң алдында бәрі тең екенін көрсету көзделген.

Аты-жөні мен түр әлпетін жарияламауды өтінген 26 жастағы келіншек 3 баланың анасы.Ол бұл  арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына келгеніне 3 ай боған.Орталық оның өмірін өзгертуге алғашқы қадам болғандай. Ол балаларымен бірге қауіпсіз жерде тұрып жатыр. Мұнда оларға психологиялық көмек көрсетіліп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік берілуде. «Бұл жер маған өзімді қайта табуға, еркін өмір сүруге сенім берді», – дейді ол.

Отбасында жәбір көрген ана мен балаға үздіксіз қолдау көрсететін арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы 8 түрлі қызмет түрін ұсынады. Мамандарының айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда өз отбасымен қауышқан ана мен бала саны едәуір артқан. Әйелдер мен балалар мұнда тек көмек алып қана қоймай қосымша  білім ала отырып, кәсіп бастаған. Полиция департаменті мамандарының айтуынша, күніне орта есеппен 10-15 қоңырау тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы түседі. Олар жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқиға орнына жедел жетуді көздейді. Сонымен бірге, әрбір оқиға мұқият тіркеліп, тиісті шаралар қабылданатынын айтады.

 Алдағы уақытта сала мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында бірнеше шаралар жоспарлап отыр. Бұл шаралар зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жәбірленушілерге қажетті көмек көрсетуге бағытталмақ.

 

 

 

Related posts

ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Телеарна ХанТВ

ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ:ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІННІҢ НЕГІЗІ

Телеарна ХанТВ