21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ САЛЫНАДЫ

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Аманат партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы мен Данабек Исабековтың қатысуымен шаһардағы Момынов және Тіленшин көшелерінің бойында жұмысы басталған теміржол жол өткелінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарын қадағалау барысында қала тұрғындарымен кездесіп, маңызды мәселелер талқыланды.

Ахмет Қалыбеков Еңбекші ауданының тұрғыны. Аймақтағы жол кептеліс мәселесін көтеріп келе жатқанына 10 жылға жуық уақыт болған. Оның айтуынша жол мәселесі аудан тұрғындарының басты талаптарының бірі болып табылады. Себебі жол кептелісінің кесірінен тұрғындар діттеген жеріне уақытында қатынай алмай жүр.

 Еңбекші ауданының тұрғындары 10 жылға жуық уақыт бойы көше бойындағы кептелістен көз ашпаған. Таңертеңнен басталған жол кептелісі кешкі уақытқа дейін жалғасады. 400 мыңға жуық тұрғыны бар аймаққа теміржол салу мәселесі бірнеше уақыттан бері талқыланып келген еді. Енді тұрғындардың маңызды мәселелерінің бірі шешілмек, салаға жауаптылардың мәліметінше құрылыс жұмыстары 1 жылға созылады. Ал азаматтардың қалаға қатынауы жеңілдейтін болады.

Сондай-ақ халық қалаулылары тұрғындардың өтініш-шағымдарын тыңдап, сауалдарына жауап берді. Айта кетейік құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қараша айында басталған, ал жұмыстар 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2024 ЖЫЛ ЕҢ ЫСТЫҚ ЖЫЛ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Телеарна ХанТВ

«2023 жылғы 12 маусым- Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні».

admin