13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 43 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Биыл ауданда көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. 2023 жылы аудан аумағында 28 көше жарықтандырылса, биыл 192 көшеге жарық жүйелері жүргізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 244-ке жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ ауданда тұрғындар өтінішіне сәйкес 15 орынға ирригациялық арық салынды. Жергілікті азаматтардың өтініші негізінде 43 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 аулаға ашық спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді.
Онымен қоса 5 елдімекенді табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 5 демалыс орны салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Сонымен қатар 3 көпқабатты үйдің қасбеттері безендіріліп, жарықтандырылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРТІЛДІ

Han TV

Интернет-алаяқтарынан сақ болыңыз

Телеарна ХанТВ

МЕКТЕП АУЛАСЫНДА ҚАЛҒАН БАСПАНА

Телеарна ХанТВ