4.3 C
Shymkent
26 января, 2026
aspan

МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН БІРЕГЕЙ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ  

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде тағы бір өндірістің құрылысын бастау бойынша келіссөздер жүргізді. Инвестормен кездесіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады.Сиырдың сүйегінен сан түрлі өнім шығаратын өндірістік кешенді Түркістан облысындағы индустриалды аймақта салу жоспарлануда. Бірегей жоба пайдаланылмаған ірі қара малдың сүйектерін озық биотехнологиялардың көмегімен экономикалық құндылығы жоғары өнімдерге қайта өңдеуге бағытталған.  Жоба мал қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп қана қоймай, аймақ үшін экономикалық өсудің жаңа көзін қамтамасыз етпек. Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АВТОБУСТА ҚОЛМА-ҚОЛ ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ

Телеарна ХанТВ

 ІРІ ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ