4.3 C
Shymkent
26 января, 2026
aspan

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМДАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҒИМАРАТЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмысымен танысты. Жақында тапсырылған нысандар мен жүзеге асырылған жобаларды қадағалады.Өңір басшысы Қарабұлақ ауыл округінің жаңа полиция пункті ғимаратында болды. 2 қабатты ғимараттың құрылысы биыл тапсырылған. Мұнда тәртіп сақшыларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.

 Өңір басшысына Сайрам ауданындағы «CA PABLE GROUP МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» қоғамдық бірлестігінің кәсіпорнын кеңейту, қуатын арттыру жұмыстары да таныстырылды. Мұнда ылғал және құрғақ майлықтар, құрғақ кір жуғыш ұнтақтар өндіріледі. 20 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі жоба жетекшілерінің ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамытуды жүктеді.Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға өндіріс орындарын көбейту, кәсіпорындар ашу, білім, медицина мекемелерінің жұмысын ширату жөнінде тапсырмалар берді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: «ЕЛІНЕ ТІРЕК, ЕРІНЕ СҮЙЕНІШ БОЛҒАН АНАЛАР»

admin

67 ҚАБАТТЫ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТ ӨРТЕНДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЛЕМДІК НЕЙРОХИРУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ