3.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
aspan

МЕКТЕП АУЛАСЫНДА ҚАЛҒАН БАСПАНА

 Шымкенттегі жайлы мектептен тағы да шу шықты. Бұл жолы дау құрылыс аяқталмаған мектепке қатысты туындап отыр. Нақтырақ айтсақ, қала тұрғыны үйінің жанынан 1200 орындық мектеп салынғанын айтып шағымдануда. Оның сөзінше, мемлекеттік мұқтаждық үшін көршілес 3 учаске таңдалыпты. Алайда, тек оның баспанасы ғана мемлекет мұқтаждығы үшін алынбаған. Енді баспанам мектеп ауласында қалып қойды деген тұрғын үйін мемлекет қажеттілігі үшін алуды талап етіп отыр. Толығырақ сюджеттен көріңіз.

Еңбекші ауданы Ұлағат шағынауданында Ұлттық жоба аясында жайлы мектептің құрылысы үшін осы маңайдағы бірнеше жер учаскелері мемлекет мұқтаждығы үшін алынған. Алайда, дәл осы мектептің іргесіне жапсарла орналасқан Нұргүл Икрамованың үйі мемлекет мұқтаждығы үшін алынбапты. Енді мектеп ауласынның қақ ортасында қалып қойған қала тұрғыны баспанасының не үшін мұқтаждық үшін алынбағанын түсінбей дал.

Осылай деген қала тұрғыны мекетепте жүргізіліп жатқан құрлыс жұмыстары мен мемлекет мұқтаждығы үшін сатылып алынған үйлерді бұзу салдарынан баспанамның қабырғасы сөгіліп, сызат пайда болғанын айтады. Онсызда басындағы баспанасын несиеге рәсімдеген ол зақымданған жерді өз қаражатынан жөндеп шығынға шаш етектен баттым деп қапалы. Ал, құрылысы әлі аяқтала қоймаған мектеп ауласының қақ ортасында қалып қойдым деген тұрғын баспанасын мемлекет мұқтаждығына алуды талап етіп отыр.

Ал салаға жауапты қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары тапсырыс беруші «Самұрық қазына» АҚ мен қалалық білім басқармасы тарапынан ұсынған тиісті жер учаскелері мемлкет мұқтаждығы үшін алынғанын айтады. Сондықтан мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алу тек жобада көрсетілген жер часкелеріне ғана жүргізіліпті.

Осылайша Ұлағат шағынауданында бой көтерген 1 ғана Жайлы мектеп құрылысы үшін 10 жер учаскелері мемлекет мұқтаждығы үшін алынған. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд-тан астам қаражат жұмсалыпты. Ал, баспанам мектеп ауласынның қақ ортасында қалды деген тұрғынның талабы әзірше орындалмауы мүмкін.

 

 

 

Related posts

«ОТАУ НАУРЫЗ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ

1 МЛН ТЕҢГЕ ГРАНТ ТАБЫСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ТҰРҒЫН АНАСЫН АУРУХАНАҒА ЖЕДЕЛ ЖЕТКІЗГЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Телеарна ХанТВ