-2.7 C
Shymkent
13 декабря, 2024
aspan

ҚАЗАҚИ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР НАСИХАТТАЛДЫ

Шымкент қаласының тұрғындары ұлттық мәдениет пен сән әлемін тоғыстырған ерекше оқиғаға куә болды. Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен  «Жібек жолы айшықтары» атты ұлттық киім дизайнерлерінің көрме-байқауы өтті. Шараның басты мақсаты-ұлттық киімді сақтап қана қоймай, оны заманауи сән әлеміне бейімдеу болды.

 Қазақтың ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көпшілікке насихаттау аркылы заманауи киім кию үлгісін жаңғыртуымыз керек. Казіргі заман талабына сай ұлттық  киім дизайнерлері туындыларының халық арасында кеңінен таралуы, сондай-ақ сән әлеміне интеграциялауға  ықпал ету басты қадамдардың бірі-екенін Мәдениет басқарма басшысының орынбасары атап өтті.

Көрмеде әр дизайнер қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерін ерекше стильде көрсетті. Қатысушылардың жұмыстарында заманауи трендтер ұлттық киімдермен үйлестірілген. Сондай-ақ бүгінгі байқау қатысушыларының бірі  сән әлемінде 5 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан Азиза Фарманова қазақи нақыштағы киімдер дизайндары  жыл сайын өзгеріп келеді-деді. Айта кетсек қатысушы бүгінгі байқауда «Aru collection» брендінің қазақи нақышта тігілген көйлегін көрсетті.

 «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім дизайнерлерінің көрме-байқауы биыл 8 рет ұйымдастырылып отыр. Жылда қазақи нақышта түрлі топтамадағы киімдер көрсетіліп, үздік шыққандары Қазақстанда сұранысқа ие топтамаларға айналады. Өз бақтарын сынау үшін мұндай шараға алғаш қатысып тұрған  «Aru collection» брендінің дизайнері 2 түрлі топтамадан 30 түрлі коллекция алып келген. Коллекция аттары да ерекше.Алғашқысы-Ару-коллекция болса,екіншісі  тарихи және әдеби мәні бар,қазақ әйелдерінің нәзіктігінің символы болған -Нурикамал аты қойылған.Сондай-ақ нарықта 6 жыл жұмыс жасап келе жатқанын тілге тиек еткен дизайнер Аружан Санатқызы -« Биылғы топтамаларым үздік деңгейде  көпшілікті тәнті етері сөзсіз»-дейді

Көрменің басты бөлімі – дефиле. Мұнда ұлттық нақыштармен әсемделген, заманауи трендтерге сай киім үлгілері көрсетілді. Әр киім – дизайнердің қазақ мәдениетінен алған шабытын бейнелейді. Қоса айтқанда Жібек жолы айшықтары” көрме-байқауы қазақтың ұлттық киімінің терең тарихы мен шексіз мүмкіндіктерін көрсетті.

 

Related posts

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ “ЗЕРДЕ КЕРАМИКА” ЗАУЫТЫН АРАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУЫП, ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҮКІМЕТ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

Телеарна ХанТВ