Шымкентте энергетика және инфроқұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылғы 10 айлық атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері бойынша баспасөз конференциясы өтті.Конференцияда сала мамандары энергетика саласындағы жаңашылдықтар мен инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.
Конференция да электр қуатының тұрақты берілуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалардың қарқынды іске асырылуы туралы маңызды ақпараттар ұсынылды. Энергетика және инфроқұрылымды дамыту басқарма басшысының орынбасары Самат Мергенов ауыз сумен қамтамасыз ету,кәріз жүйесі және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша бірқатар елді мекендердің жұмысы аяқталғанын айтты.
Статистикаға сүйенсек 2024 жылы 17 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Нәтижесінде, 10 нысанның құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған, 3 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ 4 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы құрылысын жүргізуге қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінімге ұсынылды.
Айта кетсек алдағы уақытта инфрақұрылым саласында жаңа ірі жобалар жоспарланған. Көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға қосымша инвестициялар тартылмақ. Сондай-ақ, экологиялық мәселелерге де ерекше назар аударылатын болады. Брифинг барысында басқарма өкілдері жоспарланған жобалардың толық іске асырылуы елдің тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті. Бұл өз кезегінде азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.