Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шара Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Аналар» кабинетінің ашылуымен бастау алып, «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Нәзипа Шанаидың қалалық Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесуімен жалғасты.
Жиында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі мен Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы сөз сөйлеп, аналар кеңесі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясының шешімдерін іске асыру мақсатында әзірленген 13 арнайы жоба аясындағы мақсатты жұмыстарды ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар атқарып, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жалпыазаматтық бірегейлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайтуға, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы іс-қимылға, жастарды тәрбиелеуге жұмылдырылып келеді.
Қалалық кеңес мүшелері еліміздің жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарды Тәуелсіздік пен отаншылдық, Бірлік және ынтымақ, Әділдік және жауапкершілік, Заң және тәртіп, Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, Жасампаздық және жаңашылдықты қоғамда жүйелі дәріптеуге сүбелі үлес қосуда.