Жыл басынан бері ҚР қаржылық мониторинг агенттігі 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді.Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелген. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мен Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырылған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болды.
Шара «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасы аясында өткізілген. Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді.Ағымдағы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды.Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған.
- Мемлекет басшысы өз жолдауына тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізу керектігін атап өткен еді. Билік аталған бағытта қарқынды жұмыс жасап келеді. Ағымдағы жылы агенттік қаржылық пирамидаларға қатысты 68 қылмыстық істі тәркілеген болатын. 2 миллионға жуық қатысушысы бар әлеуметтік желілердеде онлайн чат жұмыстары да анықталған болатын. Алаяққа алданғандар үйлерін, жылжымайтын мүлік тіпті көліктерінде сатып, сан соғып қалып жатыр.
Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталған.Вебинар барысында қатысушыларға жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы айтылды. Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.Мамандар пирамидасының әрекетіне тап болған, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұрайды, Сондай барлық тұрғындарға сақ болуға,күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырады.