aspan

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті шаруалармен кездесіп, бірқатар мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады. Оларды жеке-жеке тыңдап, ұсыныс-пікірлерін ескерген облыс әкімі Сарыағаш ауданында өңірдің көкөніс өндірушілерінің көтерме-бөлшек сауда орталығын ашудың маңыздылығын айтты.

Онда қажетті құжаттарды рәсімдеуге, өнімге тапсырыс берушілермен байланыс орнатуға, тауарды делдалдарсыз және алыпсатарларсыз арзан бағамен сатуға жағдай жасаудың қажеттілігін атап өтті. Бұл диқандар үшін өте маңызды. Жылыжай иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді.Республикада салынған жылыжайлардың 70%-ы Түркістан облысына тиесілі. Жылыжайдың жалпы көлемі 1640 гектардан асады. Өткен жылы 150 мың тонна өнім жиналып, республика халқының көкөніске деген қажеттілігінің 42 пайыздан астамы қамтамасыз етілді.Инвесторлар соңғы үш жылда субтропикалық банан, лимонды жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті.Жүйелі атқарған жұмыстың нәтижесінде фермерлік жылыжайлардың стандарты әзірленіп, 800-ден астам жылыжай сертификатталды. Жылыжай шаруашылықтарын субсидиялаудың жаңа ережесі бекітіліп, өндірушіден тікелей көмір сатып алу келісілді.Айта кетейік, шаруалармен кездесу Қабланбек ауылында орналасқан «Жабай ата» шаруа қожалығының жылыжайында өтті. Бұл жылыжайдың өнімдері облысымызбен қатар өзге қалаларға да жіберіледі. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.

 

Related posts

ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ТУРАЛЫ БЕЛГІСІЗ ХАБАРЛАМА ТҮСТІ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ЧЖАН СЯОНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ТҰРҒЫНДАРДЫ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ САН СОҚТЫРҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ