17.3 C
Shymkent
4 октября, 2025
aspan

«КӨТЕРЕ АЛМАЙТЫН ШОҚПАРДЫ БЕЛІҢЕ БАЙЛАМА!»

Түркістан облысында ауылдар мен елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік нысандармен қамту жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында бірнеше әлеуметтік нысанның құрылыс барысын қадағалады. Келес аудандық «Абай» ауруханасы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты сын айтып, шұғыл түрде ретке келтіруге уақыт берді.

 Аталған аурухана –  200 төсек-орындық. Мұнда 63 дәрігер, 260 орта буын қызметкері бар. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бастысы – құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Олай болмаған жағдайда жауапты компанияларға шара көріледі.Сондай-ақ облыс әкімі Абай ауылындағы спорт кешенінің және «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында  салынып жатқан 600 орындық мектептің  құрылысын тексерді. Құрылыс  жұмыстары  2025 жыл аяқталады деп көзделіп отыр. Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына алдағы уақытта  жұмысты жүйелі әрі жауапкершілікпен атқаруды қатаң түрде тапсырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТЕҢ ҚОҒАМ:БАРШАҒА БІРДЕЙ МҮМКІНДІК

admin

АТЛАНТ МҰХИТЫНДА СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТАН 6,5 ТОННА КОКАИН ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

АҚЫЛ-ЕСІ КЕМ ЖАНДАРДЫҢ ҚАМҚОРШЫЛАРЫНА 18 ЖАСТАН АСҚАН СОҢ ДА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНУІ КЕРЕК

Телеарна ХанТВ