9.3 C
Shymkent
17 февраля, 2026
aspan

ТҰРАН АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Шаһарда «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізілуде. Қала аумағында тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасып, жаңаша бағытта үйлестіріліп келеді. Осы орайда Тұран ауданы Жаңашаһар аумағында көпқабатты үйлердің айналасын тазарту жұмыстары жүргізіліп,ардагерлер мен мекеме қызметкерлері белсенді атсалысты.

Аталған акцияның негізгі мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Бұл акция Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде өткізіліп, халықты табиғатты қорғауға, тұрмыстық қоқыстарды тазалауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үндейді.Азаматтар,мекеме қызметкерлері  мен ұйымдар бірлесіп, көпқабатты үйлердің айналасын,арық атыздарды күл қоқыстан

тазалау жұмыстары қарқын алды.

Тұран ауданында бұған дейінде өзен-көлдер жағалауларын абаттандыру,Қазығұрт,Құрсай елдімекендерінде көшет отырғызу жұмыстары жүргізілген.50-ге жуық тазалық акциялары ұйымдастырылып еріктілер мен аудан тұрғындары белсенді атсалысқан.

Күннің салқындығына қарамастан қызметкерлерде жұмыстарын жоспарлы түрде орындауда.Мұндай шаралар қоғамның бірлескен күш жігерінің арқасында табиғатты қорғауға ғана емес,адамдар арасында бірлік пен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етуде.Тіпті бұндай игі бастамалар аптасына 2-рет ұйы

«Таза Қазақстан» акциясы елдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама ретінде алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Бұл акция қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық сананы экологияға жауапкершілікпен қарауға шақыру, табиғатты ластау мәселелерін шешуге бағытталған.Алдағы уақытта бұл шара ауқымды деңгейде жалғасып, қоғамның экология мәселелеріне жауапкершілікпен қарауына ықпал етуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

TIKTOK ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Телеарна ХанТВ

2024 ЖЫЛЫ SOS БАТЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ 143 ӨТІНІШ ТҮСКЕН: ПОЛИЦИЯ ӘРҚАШАН КӨМЕККЕ ДАЙЫН

Телеарна ХанТВ

В специальной экономической зоне «Оңтүстік» запускаются 5 проектов

Телеарна ХанТВ