Шымкентте «Достық үйінде» ахысқа түріктерінің Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті.Аталған шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Дүниежүзілік ахысқа түріктері Одағының президенті Зиятдин Касанов және Оңтүстік өңірдің барша ахысқа түрік өкілдері қатысты.
Түркияның Грузиямен шектесетін аймағын мекен еткен 20 мың отбасы осыдан 80 жыл бұрын депортацияланған.Қазіргі таңда олар Қазақстанды өз еліміз деп санайды.Сондай-ақ салт-дәстүрін және тілін сақтап, «Ахысқа» атты басылымында шығарып келеді. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жемісті жұмыс жүргізуде.
Шара да ахысқа түріктері өз ұлттық тағамдарын ұсынып,қонақжайлылығын көрсетті. «Ахысқа» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі қашанда ел игілігіне бағытталған бастамаларға атсалысып келеді.Бүгінде Қазақ-түрік бауырластығының дәлелі ретінде Шымкент қаласы Измир, Ески шехир,Адана қалаларымен достық қарым-қатынас орнатқан.
Айта кетейік, бүгінде еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында 7 мыңға жуық түрік этносының өкілдері тұрады. Шараға келген құрметті қонақтар Қазақстандағы ахысқа түріктері туралы деректер қамтылған ақпараттық стендтер мен қолданбалы өнер көрмесін тамашалады. Өз кезегінде құрметті қонақтар құттықтауларын жеткізіп, бірқатар белсенді азамматтар марапатталды.