25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

ГАЗА СЕКТОРЫНДА АТЫСТЫ ТОҚТАТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

 Иерусалим қаласында шеруге шыққан бір топ израильдік, Үкіметті Газа секторында бітімге келуге үндеді. Олар «Хамас» кепіліндегі жақындарының тез арада босатылуын талап етті. Шараға мыңнан астам адам қатысқан. Газада 101 израильдік кепілде отыр. «Хамас» оларды қазанның 7-де Израиль аумағын шабуылдағанда тұтқынға түсірген.

 Израиль билігі кепілдегі азаматтарын қайтаруға және қарулы топты жоюға уәде берді. «Хамас» пен Израиль арасында атысты тоқтатуға қатысты келіссөз тығырыққа тірелген. Бұл үшін тараптар бірін-бірі айыптап отыр. Палестиналық қарулы топ бітімді қалайтынын мәлімдеді. Олардың сөзінше, бұған Израиль икемсіздік танытып отыр. Соңғы мәліметтерге сай, Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 44 300-ге жуықтаған.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы 30 мамырда өтеді

ЖБО КАМЕРАЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 500-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН

Телеарна ХанТВ

2 МЛН ТЕҢГЕ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ