14.3 C
Shymkent
5 апреля, 2025
aspan

«ҰЛТТЫҚ ЖОБА» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкентте Бөржар жинақтағыш-тазартылған сарқынды суды сақтауға арналған су қоймасына Астана қаласынан мемлекеттік комиссия келді.Ұлттық жоба аясында су ресурстар маркетингінің жұмысымен танысып,тәжірибе арқылы басқа қалалардың су арналарына енгізу жоспарланды.

Шараның мақсаты Ұлттық жоба негізінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту.Базалық инфроқұрылымға инвестиция салу болып табылады. Қазақстанның басқа қалалары мен жақын шетелден келген әріптестер үшін тәжірибе алу көзі болып табылатын бұл су қоймада мыңнан астам қызметкерлер жұмыс жасайды. Бұл цифрландыру мен автоматтандыруға, су балансын бақылауға, гидравликалық модельдеуге, ағынды суларды тазарту мен қайта пайдалануға және т. б. міндеттерді жүзеге асырады.

2022 жылдан бастап сарқынды суларды толық тазартуды қамтамасыз ету, Бөржар жинақтағышының акваториясындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары хлорелла микроорганизмін қолдана бастады.Шайынды суды тазарту мақсатында шетелден арнайы аппараттар мен құрылғылар алдырғанын да атап өтті.Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету және шайынды суларды тиімді пайдалану  бойынша үлкен мәселелер шешілген.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласы өндірістік процестерді автоматтандыру мен цифрландыруды қажет етеді.Ауыз суды қатаң есепке алуды енгізу қажеттілігін қымбат ресурстарды ұқыпты пайдаланған жөн.Себебі алдағы уақытта тарифтердің қымбаттайтынын тілге тиек етті.Алдағы уақытта  Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары холдингтермен және мердігер компаниялармен жұмыс жүргізетінін алға тартты.

Related posts

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ 2024: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Телеарна ХанТВ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ-ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Телеарна ХанТВ

Шымкентте көлік қағып кеткен 9 жасар бала қаза болды

admin