Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы ашып берген 2 бірдей жайлы мектеп лицениясыз жұмыс істеп келген. Ұлттық жоба аясында салынған білім ұясына Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен де ешқандай қортынды берілмеген. Ең сорақысы 2 мыңға жуық оқушы білім алып жатқан мектеп ғимаратына нысанды пайдалануға қабылдау актісі де жүргізілмепті. Сюджет көріңіз
Алғашында Нұршуақ мүлтек ауданында Жайлы мектеп салынады дегенді естеген қарашаның төбесі көкке жеткен. Себебі қараша халық бұл қуанышты ұзақ жылдар бойы сарыға күткенкендін айтады. Алайда, олардың бұл қуанышы да көпке созылмапты.
Біздегі ресми ақпараттар бойынша мектеп 4-қарашадан бастап іске қосылып, 1700-ден аса бала білім алуда. Ал, білім ошағында білім беру лицензиясы жоқ екен.
Ең сорақысы, қала әкімінің өзі арнайы ашып берген 2 Жайлы мектепте қабылданбаған болып шықты. Яғни, нысанды пайдалануға қабылау актісі әлі жүргізілмеген. Нысан қалалық білім басқарманың балансына өтпеген. Ол аздай мектепке Санитарлық-Эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан қортындысы да берілмепті.
Мектеп директоры Айкүміс Кәрібаева бар кінәні білім басқарасының экс басшысы Шамшиева Нұргүл Ақылбекқызының жаба салды. Сөзінше, ол Нұргүл Шамшиеваның мектепті іске қосу және оқу процесін ұйымдастыру туралы бұйрығын негізге алып жұмыс істепті.
Бұл мекемеге директор Шілде айында тағайындалып, тағы бірнеше шатат ашылған. Ең қызығы нысан пайдалануға берілмесе де қызметкерлерге айлық жалақыда төлеп келген. Мектеп 4-Қарашада ғана жұмысын бастаған. Енді директор қызметкерлерге айлық жалақы қай бюджеттен және қандай жұмысы үшін төленгені де бізге жұмбақ күйі болып қалды.