11.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ШЕРУШІЛЕР ПОЛИЦИЯМЕН ҚАҚТЫҒЫСТЫ

Тбилисиде парламент ғимаратының жанында шерушілер мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. Тәртіп сақшыларымен төбелес заң шығарушы орган ғимаратының екі жағында болып жатыр. Полиция парламенттің қызметтік кіреберісіне барғысы келген наразылық білдірушілерді күшпен қуып шығуға тырысып жатыр. Тәртіп сақшылары бұрышталған газ қолдануға мәжбүр. Әзірге қамауға алынғандар тіркелген жоқ.

Шерушілерге Грузия президенті Саломе Зурабишвили де қосылды. Ол билікті парламент сайлауын қайта өткізуге шақырды. Тбилисидегі стихиялы шеру премьер-министр Ираклий Кобахидзенің бейсенбі күні биліктегі «Грузин арманы-Демократиялық Грузия» партиясы Еуроодаққа кіру туралы келіссөздер мәселесін 2028 жылдың соңына дейін күн тәртібіне қоспау және қауымдастық тарапынан бюджеттік гранттардан бас тарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдегеннен кейін басталды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАҢ СӘРІ: ҚЫЗЖАН АХМЕТҚЫЗЫ -ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ

admin

Қазақстан Египет және Өзбекстанмен мемлекеттік аудит саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Телеарна ХанТВ

СУ ТАСҚЫНЫНАН 25 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ