aspan

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы шағымын апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап hantv.kz сайты хабарлайды.

Бірінші сатыдағы сот жауапкерден қылмыстық іс барысында келтірілген шығыстар 6 877 672 теңге және 10 миллион теңге сомасында моральдық зиянның өтемақы өндірді.

Осы шешімге талапкер апелляциялық шағым беріп, онда моральдық зиянды өтеу сомасын 1 миллиард 500 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы мәселе қойған.

“Іс материалдарынан жауапкер заңды күшіне енген айыптау үкімімен талапкердің әпкесін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.
Марқұмның ағасы қайғылы оқиға салдарынан болған моральдық азап, денсаулығының нашарлауы және жұмыс қабілетінің жоғалуы туралы мәлімдеді. Марқұмның ата-анасы талапкердің пайдасы үшін өндіріп алудан бас тартты”, – делінген хабарламада.

Бірінші сатыдағы сот жақын туысының мерт болуы талапкердің моральдық жағдайына теріс әсер еткенін және оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын атап өтті және талапты парасаттылық пен әділеттілік қағидаттарына сүйене отырып ішінара қанағаттандырды.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сот актілері заңды күшіне енді.

Еске салсақ, бұған дейін Салтанат Нүкенованың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге өндіріп алғаны айтылды.

https://stan.kz/  stan.kz

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР МӘСЕЛЕСІ: НАУҚАСТАР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫ

Телеарна ХанТВ

ӨРТТЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ ӨСІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУҒА ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ