aspan

ҰШАҚ ӨРТЕНДІ

 Түркияның Анталия қаласындағы әуежайда ұшақ өртенді. Сочи-Анталия бағытындағы ұшақтың бір қозғалтқышынан өрт шығып, шұғыл жерге қонған. Ұшақ қона салысымен оның бортындағы 89 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі эвакуацияланды.

Отқа оранған лайнерден адамдардың барлығы аман есен шығарылған. Қайтыс болғандар мен жараланғандар жоқ. Өрт сөндірушілер бірден жалынды ауыздықтап, ұшақтың толық өртенуінің алдын алды. Апаттың кесірінен Анталия халықаралық әуежайы бірнеше сағатқа жабылды. Өртенген ұшақтың бортында Түркия мен Ресей азаматтары болған.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

50 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТТЕРІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Han TV

НАУРЫЗДЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮРГІЗЕДІ

Han TV

Конституция – Тәуелсіздігіміздің тірегі

Телеарна ХанТВ