aspan

1300-ДЕН АСА ЖАС «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒАНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен  сондай-ақ, «Алтын Орда»  қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының маусымдық жабылу салтанаты өтті.

«Жасыл ел» еңбек жасағаның мақсаты — жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

«ЖАСЫЛ ЕЛ» жасақтары қатарында 2024 жылы маусым — қазан айында 1300-ден аса жас жұмыспен қамтылып, арнайы «Жасыл ел» формасымен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтті.

Жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқаруға тырысты. Оның ішінде саябақтарды жапырақтан тазарту, Ардагерлер үйіне тазалық жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мекемелердің жұмысына ұйымдастырылды.

Еңбек сарбаздары тек тазалық жұмыстарына ғана атсалыспай қалалық деңгейдегі іс-шараларға, түрлі сала өкілдерінің белгілі тұлғаларымен кездесулерге қатысты.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ, КОМПОЗИТОР ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 94 ЖЫЛ

Телеарна ХанТВ

ҚАРЫЗ АЛУҒА ҚҰМАРЛЫҚ ҚАРҚЫНДАП БАРАДЫ

Телеарна ХанТВ

ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Телеарна ХанТВ