aspan

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген, алдағы 5 жылда Республиканың орман қоры жерлерінде 2 млрд түп көшет егу тапсырмасын іске асыру барысында облыстың мемлекеттік орман қоры жерлеріне 2021-2025 жылдары 170,0 млн көшет 110210 гектар жерге егу Кешенді жоспары жасалынған. Сондай-ақ кешенді жоспарға сәйкес 2021 жылы – 14600 га аумаққа   21652,2 мың көшет, орындалғаны 15120 га жерге 22139,3 мың көшет егілген.

Жалпы 2021-2023 жылдары 51,5 мың гектар жерге, 78,2 млн. дана көшет егілді. Атқарылған жұмыстар министрлік тарапынан тексеру барысында көнімділігі, орындалу көлемі 50%-ға жуықталып, орман алқабына өткенге дейін 3 жыл көлемінде күтіп баптау және толықтыру жұмыстары атқарылылады. 2024 жылға 27500 га жерге, 43149 мың ағаш егу жоспарланған.Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы аясында жалпы республика бойынша елді мекендерде 15 млн көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 1,5 млн көшет отырғызу жоспарланған.

Бүгінгі күнге, жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға 2022 жылы –251 685 дана, 2023 жылдың көктем айларында – 532 682 дана және 2023 жылдың күз айларында 556 262 дана әртүрлі көшеттер босатылды. 2024 көктем айларында аудан, қала елді мекендерін көгалдандыруға жоспарға сәйкес 491 106 дана әртүрлі көшеттер босатылған.Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен арнайы жиын өткізіліп, аталған мәселерге нақты тапсырма берілген. Аталған тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануда.

Жоспар бойынша ағаш отырғызу және сенбілік 4 жұмыс күн атқарылған. Бұл жұмыстарға 3000 аса адам, 200 дана техника жұмылдырылған. Бұл мәдени орман екпесіне жоспар бойынша 150,0 мың әр-түрлі ағаш көшеттерін толықтыру жоспарланған. Қазіргі таңға 84,0 мың ағаш көшеттері отырғызылып, қалған 66,0 мың әр-түрлі ағаш көшеттері желтоқсан айының соңына дейін толықтырылмақ.

 

Related posts

ӘУЕ ШАБУЫЛЫ ЖАСАЛДЫ: САЛДАРЫНАН 20 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЗАДАЧИ ПРОКУРАТУРЫ – ЗАКОН И ПОРЯДОК

Телеарна ХанТВ

Шекарашы кітапхана қорына кітаптар сыйлады

Телеарна ХанТВ